Бұл жүйе білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларындағы қаржылық операцияларды нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беріп, тәуекелі жоғары төлемдерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
«Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жезқазған қаласының облыстық балалар үйі» КММ бойынша жалақы төлеу ретінде жеке тұлғалардың карт-шоттарына бюджет қаражатын артық аудару түрінде бюджеттің шығыс бөлігі саласындағы жоғары тәуекелдерді көрсетті.
Бухгалтерлерге, аға медбикеге, іс қағаздарын жүргізуші мамандарына жалақы сомасының бірнеше мәрте негізсіз және басқа жұмыскерлердің карт-шоттары болмау себебі бойынша өз карт-шоттарына сол жұмыкерлерге беру мақсатында аударылған фактілері тіркелді.
Мониторинг нәтижесімен 8960,10 мың теңгеге жуық қаржылық бұзушылық анықталып, оның 3500,0 мың теңгесі мекеме тарапынан мемлекетке өз еркімен қайтарылды.
Болашақта бұндай жағдайлар болмау үшін карт-шот жоқ жұмыскерлердің еңбек ақысы карт-шоттар ашылған уақытта немесе банктың ағымдық шотына жіберіледі. Сонымен қатар аванстық төлемдер жүргізілмейді.